«Алатау» балалар клиникалық санаторийінде кезекті шығармашылық кеш өткізілгені туралы

 

«Алатау» балалар клиникалық санаторийі балаларды сауықтыру және жан-жақты үйлесімді тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында әртүрлі мекемелермен серіктестік жұмысын жасайды. Осындай мекемелердің бірі «Жалғызілікті зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы жалғызілікті ерлі – зайыпты және отбасы жұбайлары үшін әлеуметтiк тұрғын үй Дирекциясы».  
Бүгін 30.03.2018жылы біздің санаторийінде осы мекеменің тұрғыны Валентина Славина біздің санаторийде дем алып жатқан балалар мен ата-аналарға арнап, концерт қойды. Концертте Валентина Славина өнер жолына түсуіне түрткі болған, музыкалық жетекші Тамендаров Ғалымжан Герейұлы екенін айтты. Сонымен бірге ол домбыра аспабын үйрену кезіндегі болған қиындықтары мен қызықты жағдайлары туралы балалаларға әңгімелеп айтып берді. Концерт барысында Валентина Славина Ғалымжан Герейұлының баян аспабының сүйемелдеуімен репертуарындағы ретроәндерді орындап, екеуі әртүрлі елдердің күйлерін домбыра нақышына келтіріп тартты. Сондай-ақ әнші Валентина Славина «Лучше хором» әнін балалармен бірге орындады. Ұйымдастырылған концертке алғыс білдіру мақсатында санаторийде ем алған балалар өз алғыстарын өздері шығарған өлең шумақтарын оқу арқылы жеткізді.  Концерт соңында санаторий директоры Қаншайым Қайырлықызы Валентина Славинаға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тілеп, гүл шоқтарын және санаторийде дем алған балалардың өз қолымен жасаған қолөнерлерін естелікке табыс етті. Сонымен қатар директор осы шығармашылық кешті ұйымдастырған тәрбие-оқыту бөлімінің музыкалық жетекшісі Тамендаров Ғалымжан Гиряйұлына да алғысын айтты.

ПХВ ДКС “Алатау”