Ағымдағы жылдың 28 наурызында «Алатау» балалар клиникалық санаторийінде сенбілік өтті. Көктемнің шуақты күнінде мекеме қызметкерлері санаторий аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға белсене қатысты. Олар шипажай аймағын әлі ерімеген қардан, жапырақтар мен қоқыстардан тазартты.
«Алатау» балалар клиникалық санаторийі тау-курорттық аймақта (теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте) орналасқан республикадағы жалғыз балалар санаторийі болып табылады, сондықтан кей жерлерде әлі де қар бар.
Мамандардың айтуынша, олар балаларға қолайлы жағдай жасау үшін бар күшін салып жатыр. Сол себептен барынша шипажайдың аумағын тазартты және ем алып жатқан балалар мен жұмысшылардың көңілінен шығуға тырысты. Шипажай соматикалық патологиясы бар 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын жақсартуға арналған.