«Алатау» балалар клиникалық шипажайында қызықты байқау өтті. Шипажайда демалып жатқан балалар «Жас жазушы» деп аталатын байқауға қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Санаторий мамандарының айтуынша, мәнерлеп оқу дағдысы балалардың өздеріне деген сенімділігін және жұрт алдында сөйлеу қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Бұл балаларға мәтіндерді жақсы түсініп, талдауға, сондай-ақ авторлар жеткізген эмоция мен көңіл-күйлерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мәнерлеп оқу сыни ойлауды және әдебиетке шығармашылық көзқарасты дамытуға, сонымен қатар коммуникациялық дағдыларды жақсартуға ықпал етеді.
«Алатау» балалар клиникалық санаторийі тау-курорттық аймақта (теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте) орналасқан республикадағы жалғыз балалар санаторий. Шипажай соматикалық патологиясы бар 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын жақсартуға арналған.