2024 жылдың 2 мамырында «Алатау» балалар клиникалық санаторийінің мамандары бөлімшелерге клиникалық тексеріс жүргізді. Клиникалық тексерістер балалар санаторийлеріндегі медициналық көмектің маңызды элементі болып табылады. Осы арқылы шипажайдағы дәрігерлер мен басқа да медициналық мамандар баланың денсаулығын бағалап, денсаулық проблемаларын анықтап және емдеп, түзетеге мүмкіндік алады.
«Алатау» шипажайында балалар реабилитологтар, педиатрлар, пульмонологтар мен мұғалімдердің бақылауында. Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген емделушілер санаториялық-курорттық сауықтыру курсынан өтеді. Сондықтан мұнда әр баланың жеке жағдайын ескере отырып, қалпына келтіру бағдарламасы анықтайды. Балалар емдік, спелеотерапия, фототерапия, шунгит терапиясы, ультракүлгін сәулелену, магнит, электрофорез, Биоптрон, кварц, су процедуралары, Шарко душ, ванналар, парафин және балшық терапиясының толық спектрін алады. Климатотерапия кезінде балалар таза ауада серуендейді.
Еске сала кетсек, «Алатау» балалар клиникалық шипажайы тау-курорттық аймақта (теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте) орналасқан республикадағы жалғыз балалар санаторий. Шипажай соматикалық патологиясы бар 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын жақсартуға арналған.