«Алатау» балалар клиникалық шипажайында «Денсаулық мектебі» ашылды

17 шілде күні Алматыдағы «Алатау» балалар клиникалық шипажайында «Денсаулық мектебінің» ресми ашылуы өтті. Енді бұл мекеменің жас емделушілері салауатты өмір салтына арналған 7 сабаққа қатыса алады.
Салтанатты шара балалар флешмобымен және «Алатау» балалар клиникалық шипажайында оңалтудан өтіп жатқан бір топ балалардың өнер көрсетуімен басталды.
Денсаулық мектебінің ашылу салтанатында қатысушылар мен қонақтар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын және денсаулықты нығайтудың маңыздылығы туралы айтты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі атынан қатысушыларға арнап, сөз сөйлеген Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова: «Біз алғаш рет санаторлық-курорттық оңалтудан өтетін балаларға денсаулықты нығайту үшін қажетті 7 денсаулық сабағын енгізіп отырмыз. Бұл қадам жас ұрпақтың денсаулығына төнетін қатерлердің алдын алуға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған».
Салтанатты шараның құрметті қонағы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің ардагері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Слажнева да «Денсаулық мектебінің» маңыздылығына тоқталып, денсаулық – адамның бақытты, жемісті және ұзақ өмір сүруінің негізі екеніне тоқталды.
«Алатау» балалар шипажайының директоры Жәмиля Баттақова салауатты өмір салтына физикалық ғана емес, психологиялық дайындықты да қамтитынын баса айтты.
«Алатау» балалар клиникалық санаторийі басшылығы мен ұжымының күш-жігерінің арқасында бұл мекеме алғаш рет ДДҰ-ның салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайтын мекемелер тізіміне енді.
«Денсаулық мектебін» ашу идеясын бақылау кеңесі қолдады. Бұл туралы Бақылау кеңесінің мүшесі, «Алау» оңалту орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Майя Шегебаева айтты.
«Алатау» балалар клиникалық санаторийі тау-курорттық аймақта (теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте) орналасқан республикадағы жалғыз балалар санаторий. Шипажай соматикалық патологиясы бар 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын жақсартуға арналған.