«Алатау» балалар клиникалық шипажайының қызметкерлері АМАНАТ партиясының мүшелерімен кездесті

2024 жылдың 16 мамырында «Алатау» балалар клиникалық санаторийінің қызметкерлері Алматы қаласы мәслихатының депутаты Диана Ерланмен және АМАНАТ партиясы Медеу аудандық филиалының басшысы Азат Әжімановпен кездесті.

Кездесу аясында  директор қ.а Жәмилә Баттақова қонақтарды балалар санаторийі қызметінің негізгі аспектілерімен қысқаша таныстырды.

«Алатау» балалар клиникалық санаторийі тау-курорттық аймақта (теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте) орналасқан республикадағы жалғыз балалар санаторий. Шипажай соматикалық патологиясы бар 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын жақсартуға арналған.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Диана Ерлан «111 АМАНАТ» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығының отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмысына тоқталды. Ол сондай-ақ ағымдағы жылдың 16 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының, сондай-ақ осыған байланысты Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның күшіне енгенін еске салды.

Балалар шипажайының қызметкерлері өзекті және маңызды тақырыптарды қозғады, соның ішінде қураған ағаштардың санын азайту және аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қураған ағаштардан тазарту керектігін айтты. Сонымен қатар келушілер үшін аумақты таза және қауіпсіз ұстау үшін қаңғыбас иттермен күрес шаралары туралы айтты. №141 маршруттық автобусты шипажайдың қақпасына дейін ұзарту туралы ұсыныс жасалды. Бұл  шипажай қонақтарының өтініші бойынша жақын жердегі аялдамадан айтарлықтай қашықтықты (аялдамадан санаторийге дейінгі қашықтық 900 м астам) ескере отырып, талқылауға шығарылды.

Одан кейін шипажай қызметкерлері әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оларға қанағаттанарлық жауап алды.