«Алатау» балалар санаторийінің қызметкерлері Жанат Мәжен, Баян Ембергенова және Салтанат Мұхамеджанова «Абай оқулары» республикалық байқауына қатысқаны үшін алғыс хатқа ие болды.
Айта кетерлік жайт, биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай республика көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлы ақынды ұлықтап, шығармашылығын насихаттау жұмыстары атқарылуда.
«Алатау» санаторийі – республикадағы бірден-бір балалар санаторийі. Ол теңіз деңгейінен 1430 метр биіктіктегі тау-курорт аймағында орналасқан. Табиғи байлық пен таза таулы ауа емдік процестің ажырамас бөлігі болып, балалардың денсаулығы мен үйлесімді дамуына тамаша жағдай жасайды.