«Алатау» балалар клиникалық санаторийінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара өтті. Балаларға жағдай жасап, олардың денсаулығына қамқорлық көрсете білетін бұл білім ошағы үшін аталмыш салтанатты шара ,оқу жылының аяқталуының ғана емес, денсаулық, достық пен қуаныш мерекесінің символына айналады.
Санаторийде демалатын балалар үшін оқу жылы ерекше маңызды болуы мүмкін. Бұл тек оқуға ғана емес, сонымен қатар денсаулықты қалпына келтіруге, спортпен айналысуға және әртүрлі шығармашылықпен айналысуға арналған уақыт.
«Алатау» балалар клиникалық санаторийі тау-курорттық аймақта (теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте) орналасқан республикадағы жалғыз балалар санаторий. Шипажай соматикалық патологиясы бар 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын жақсартуға арналған.