
«Алатау» балалар клиникалық санаторийінде кішкентай науқастар тек профилактикалық ем алып қана қоймай, сонымен бірге салауатты өмір салтының әліппесін де үйренеді. Мұндағы қызметкерлер балаларға ЗОЖ дегеннің не екенін айтып қана қоймай, тәжірибе жүзінде көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың жазында «Алатау» санаторийінде Салауатты өмір салты мектебі ашылған болатын. Содан бері мұндай сабақтар санаторий жұмысының ажырамас бөлігіне айналды.
«Алатау» балалар клиникалық шипажайының басты ерекшелігі – теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте, тау-курорттық аймақта орналасқан республикадағы жалғыз балалар санаторийі екендігі. Әсем табиғат пен таза таулы ауа емдеу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналып, балалардың денсаулығын нығайтуға әрі үйлесімді дамуына ерекше мүмкіндік береді.


