«Алатау» балалар клиникалық санаторийінде мәнерлеп оқу байқауы өтті!
Шара барысында кішкентай емделушілер Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған өлеңдерін үлкен шабытпен оқыды. Биылғы жыл – ерекше, себебі халқымыз Ата Заңымыздың қабылданғанына отыз жыл толуын атап өтуде.
Санаторий педагогтарының айтуынша, мұндай шаралар балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, Конституцияның мәні мен маңызын тереңірек түсінуге ықпал етеді. 🇰🇿
«Балалар Қазақстан туралы өлең оқығанда, олардың көзінен елге деген шынайы құрмет пен ыстық ықыласты анық көруге болады», – дейді санаторийдің тәрбиешісі.
Әрине, «Алатау» – жай ғана санаторий емес. Бұл – Қазақстанда теңдесі жоқ, теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте, көрікті таулы-курорттық аймақта орналасқан бірегей орын. Мұндағы таза ауа, әсем табиғат пен ерекше орта соматикалық аурулары бар балалардың тезірек сауығып, өздерін бақытты сезінуіне қолайлы жағдай жасайды.