25 қазан – Қазақстанның тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі елдің егемендігін айқындайтын тарихи Декларацияны қабылдады. Бұл құжат болашақ Тәуелсіздікке алғашқы қадам болды.
Республика күні мерекесін «Алатау» балалар клиникалық санаторийінің кішкентай емделушілері де атап өтті. Теңіз деңгейінен 1430 метр биіктіктегі тау-курорттық аймақта орналасқан бұл ерекше санаторийде 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалар денсаулықтарын нығайтуда.