«Алатау» балалар клиникалық санаторийіндегі Жаңа жылдық бал-маскарад -өтті

«Алатау» балалар клиникалық санаторийінде өткен Жаңа жылдық бал-маскарад балаларға қуаныш, шаттық және мерекелік көңіл күй сыйлады. Әсем костюмдер, әуен мен би балалардың өздерін еркін сезініп, мерекеден ләззат алуына мүмкіндік берді.

Іс-шара әр баланың денсаулық жағдайы ескеріліп, қауіпсіз әрі жайлы ортада өтті.

✨ Жаңа жыл — қамқорлық пен қуаныштың уақыты.

Медициналық көмек пен МӘМС бойынша ресми ақпаратты қайдан алуға болады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары —
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева

медициналық көмек пен МӘМС жүйесіне қатысты мәселелер бойынша
тек ресми ақпарат көздеріне жүгіну маңызды екенін еске салды.

Расталмаған ақпарат пен бейресми чаттарға сенбеуге шақырды.

Егер сізде төмендегі мәселелер бойынша сұрақтар туындаса:
— МӘМС (ОСМС)
— емханалар мен ауруханалардағы медициналық көмек
— диспансерлік бақылау
— дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
— ауруханаға жатқызу
— медициналық қызмет сапасы немесе шағымдар

төмендегі ресми арналарды пайдаланыңыз 👇

📞 1414 — Бірыңғай байланыс орталығы
💬 SAQTANDYRYBOT — Telegram-бот
📱 QOLDAU 24/7 — мобильді қосымша
🌐 eGov.kz / eGov Mobile — электрондық үкімет порталы мен қосымшасы
🏥 Тіркелген емхана — тіркеу бөлімі және жауапты мамандар

💙 Денсаулық мәселесінде сенімді ақпарат аса маңызды.
Тек ресми дереккөздерге сенім білдіруіңізді сұраймыз.

Балалардың жүрегіндегі Қазақстан

«Алатау» балалар клиникалық санаторийінде
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай
тәрбиеленушілеріміз Қазақстанның картасын бейнеледі.

Бұл шығармашылық жұмыс арқылы балалар
өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін,
елге деген мақтанышын және туған жерге деген құрметін көрсетті.

Әр сурет — балалық жүректен шыққан шынайы ниет,
ал Қазақстан картасы — бірлік пен тәуелсіздіктің символы.

Таудағы Шипалы Серуен

Алматының ең әсем бұрышында орналасқан «Алатау» балалар клиникалық санаториясы – таза тау ауасы мен табиғаттың саумалы күшін сезінетін ерекше орын. Мұнда соматикалық аурулары бар балалар күн сайын сыртқа шығып, қылқан жапырақты тоғайдың тыныштығын, күннің жұмсақ жылуын сезінеді. Санаторийдің жанынан өтетін көркем терренкур жолы олардың денсаулығын нығайтып, қозғалыстан ләззат алып, өз күшіне сенім табуына мүмкіндік береді. Осындай серуендерде балалардың жүздері жадырап, тынысы жеңілдеп, жүректері қуанышқа толады.

Ертегі әлеміндегі қызыққа толы демалыс

«Алатау» балалар клиникалық санаторийінде балалардың бос уақыты қуанышқа толы өтеді. Мұнда түрлі көңілді конкурстар мен шығармашылық кештер ұйымдастырылады. Солардың бірі – «Ертегі әлемінде» атты шағын театр қойылымы. Балалар сахнаға шығып, сүйікті ертегі кейіпкерлеріне айналып, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Осындай шаралар баланың қиялын дамытып, өзіне деген сенімін арттырып, санаторийдегі демалысын ерекше және есте қаларлық етеді.

Дәрі-дәрмек бағасы төмендеді

Үкімет отырысында вице-министр Тимур Мұратов дәрі-дәрмек бағасын төмендету бойынша нақты нәтижелерді жариялады.

🔹 Маркетингтік және көлік шығыстары бағадан алынып тасталды
🔹 Генериктердің шекті бағасы 30%-ға төмендеді
🔹 ТМККК және МӘМС бойынша сатып алынатын 2 900 препараттың, сондай-ақ бөлшек және көтерме саудаға арналған 4 900 препараттың бағасы қайта қаралды

✅ Соның нәтижесінде дәріханаларда бағалар орта есеппен 11%-ға, ал белгілі препараттар бойынша 20% және одан да көп төмендеді.
✅ Мемлекеттік бюджетте 70,5 млрд теңге үнемделді — бұл қаржы қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға бағытталады.

«Алатау» балалар клиникалық санаторийінде мәнерлеп оқу байқауы өтті

«Алатау» балалар клиникалық санаторийінде ем қабылдап жатқан балалар арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін және өзіне деген сенімділігін дамыту. Байқауға қатысушылар сүйікті өлеңдері мен балалар әдебиетінен үзінділерді әсерлі жеткізді.

Маманлардың айтуынша, мәнерлеп оқу – баланың тұлғалық дамуына зор ықпал ететін маңызды құрал. Ол қиялды, зейінді, сөздік қорды және эмоциялық интеллектіні дамытып, кітап пен ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттырады.

«Мұндай байқаулар балалардың шығармашылық әлеуетін ашып қана қоймай, олардың эмоциялық жағдайына оң әсер етеді, қуаныш пен шабыт сыйлайды», — деді санаторийдің педагог-ұйымдастырушысы.

«Алатау» – республикадағы теңдесі жоқ, теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте орналасқан жалғыз балалар санаторийі. Керемет табиғат пен таза таулы ауа соматикалық аурулары бар балалардың сауығу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналып, олардың денсаулығын нығайтуға және үйлесімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

«Алатау» – салауатты өмір салтына жол ашатын санаторий

«Алатау» балалар клиникалық санаторийінде кішкентай науқастар тек профилактикалық ем алып қана қоймай, сонымен бірге салауатты өмір салтының әліппесін де үйренеді. Мұндағы қызметкерлер балаларға ЗОЖ дегеннің не екенін айтып қана қоймай, тәжірибе жүзінде көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың жазында «Алатау» санаторийінде Салауатты өмір салты мектебі ашылған болатын. Содан бері мұндай сабақтар санаторий жұмысының ажырамас бөлігіне айналды.

«Алатау» балалар клиникалық шипажайының басты ерекшелігі – теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте, тау-курорттық аймақта орналасқан республикадағы жалғыз балалар санаторийі екендігі. Әсем табиғат пен таза таулы ауа емдеу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналып, балалардың денсаулығын нығайтуға әрі үйлесімді дамуына ерекше мүмкіндік береді.

Президент Жолдауы талқыланды: «Алатау» санаторийіндегі ашық диалог

16 қыркүйекте «Алатау» балалар клиникалық санаторийінде «AMANAT» партиясының Медеу аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ержан Медеуов пен партия саяси кеңесінің мүшелері Бахтияр Камалов және Тоғжан Еспергенова ұжыммен кездесті.

Олар санаторий қызметкерлерімен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.

Санаторий қызметкері Гүлжанат Өтебердиева Жолдаудың негізгі тармақтарын таныстырып, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, балалардың денсаулығын қорғауға және отбасыларды қолдауға қатысты бағыттарға ерекше тоқталды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті: қызметкерлер сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді және құжатта көрсетілген бастамаларды іске асыру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Талқылау қорытындысында қатысушылар Президент қойған міндеттерді орындауда бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Алатау» балалар клиникалық санаторийі — республикадағы балаларға арналған жалғыз мамандандырылған санаторий. Ол теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте, таулы-курорттық аймақта орналасқан. Мұндағы бірегей табиғи жағдай мен таза тау ауасы соматикалық аурулары бар балалардың сауығу үдерісінің маңызды бөлігі болып, денсаулықты нығайтуға және үйлесімді дамуға қолайлы жағдай жасайды.

Жолдаудың басты мақсаты – дені сау ұрпақ тәрбиелеу

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Балалар медицинасын дамытуға, оңалту мен санаторий-курорттық емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ балалардың өсуі мен тәрбиесі үшін заманауи жағдайлар жасауға айрықша назар аударылды. Бұл шаралар ұлт денсаулығын нығайтуға және елдің болашағына бағытталған.

Жолдаудың толық мәтіні ресми Zakon.kz порталында қолжетімді.