2024 жылдың 12 қыркүйегінде «Алатау» балалар клиникалық шипажайының қызметкерлері атом электр станцияларын (АЭС) салу жөніндегі Халықтық штабтың өкілдерімен кездесті. Аталмыш шара барысында мамандар АЭС-тің маңызы мен артықшылықтары туралы толыққанды ақпарат беріп, санаторий қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Мамандар атом электр станцияларын салу қазіргі энергетикада маңызды екенін атап өтті. Себебі АЭС тұрақты әрі сенімді электр энергиясын өндіреді, бұл өндірістік кәсіпорындар мен күнделікті өмір үшін өте маңызды. Сонымен қатар, атом станциялары электр энергиясын өндіру кезінде көмірқышқыл газын шығармайды, бұл парникті газдардың деңгейін төмендетуге және климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі.
Қазанның 6-сы күні Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Бұл шешім 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы қол қойған жарлығвна сәйкес қабылданды. Осыған орай, елдегі саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салу жөніндегі Халықтық штабқа бірікті.
«Алатау» балалар клиникалық санаторийі тау-курорттық аймақта (теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте) орналасқан республикадағы жалғыз балалар санаторий. Шипажай соматикалық патологиясы бар 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын жақсартуға арналған.