«Алатау» санаторийінде балалардың денсаулығын нығайту: табиғат пен емнің үйлесімі

«Алатау» балалар клиникалық санаторийінде ем алып жатқан балалар бірінші қарды қуанышпен қарсы алады: біреулері қар адамын жасады, енді біреулері қар ұшқындарын алақандарына түсіріп, ойнады.

Бұл шипажайда таза ауада серуендеу тек көңілді демалыс емес, емдік процестің маңызды бөлігі болып табылады. «Алатау» санаторийі 3-14 жас аралығындағы соматикалық аурулары бар балалардың сауығуына арналған ерекше жағдайлар ұсынады. 21 күн ішінде жас пациенттер кешенді түрде ем қабылдап, денсаулығын жақсартып, күш-қуатын қалпына келтіреді.

Мамандардың айтуынша, болашақ ұрпақтың денсаулығы бүкіл қоғамның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Егер балалар дені сау болып өссе, олар ересек шағында созылмалы ауруларға аз ұшырайды, бұл денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені және емдеуге жұмсалатын шығындарды айтарлықтай төмендетеді.

«Алатау» санаторийінің ерекшелігі – бұл республикадағы бірден-бір балалар санаторийі, ол теңіз деңгейінен 1430 метр биіктікте орналасқан тау-курорт аймағында орналасқан. Құнды табиғат пен таза таулы ауа емдік процестің ажырамас бөлігі болып табылады, балалардың денсаулығы мен үйлесімді дамуы үшін тамаша жағдайлар жасайды.