«Алатау» балалар клиникалық шипажай қызметкерлері «»Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты акциясын қолдады

 

«Алатау» балалар клиникалық шипажай қызметкерлері «»Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты  акциясын қолдады. Акция 8 сәуірде басталды және бір айға созылады. Бір ай бойы арнайы іс-шаралар өтеді. Мақсат – қаланы көркейтіп, тарзарту.

Мұндай жұмыстардың маңызы зор. Себебі  осы арқылы табиғатты және қоршаған ортаны сақтауға ықпал етуге болады.

Біріншіден, тазалық күндері қалаларда және табиғатта жиналатын қоқыс пен қалдықтардың мөлшерін азайтуға болады.  Аймақтарды қоқыстан тазарту қоршаған ортаның тазалығы сақтауға көмектеседі. Тазалық жұмыстарының арқасында судың және ауаның ластануын болдырмауға болады.

Екіншіден, тазалық жұмыстары қоғамның назарын экологиялық проблемаларға аударуға және оларды шешуге көмектеседі. Қоғамдық сенбіліктерге қатысу әрбір азаматқа қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға және экологиялық қозғалыстың белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік береді. Бұл экологиялық мәдениетті және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

Үшіншіден, сенбіліктер өз қаласына, еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға септігін тигізеді. Қоғамдық сенбілікке қатысу адамдарға өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезінуге және ортақ мақсат – қоршаған ортаның тазалығы мен сұлулығын сақтау төңірегінде топтасуға көмектеседі.

#Алматыбіздіңортақүйіміз

#ҚалабіреуХалықтіреу