Қазақстан халықтарының бірлігі күні: алуандығымыз біздің байлығымыз

«Алатау» балалар клиникалық шипажайында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мерекелік шара өтті. Шипажай қызметкерлері мәжіліс залында түрлі  ұлттық киімдердің  сән-салтанатын көрсетті.

Шара салтанатты түрде ашылып, «Алатау» балалар клиникалық санаторийінің меңгерушісі Жәмила Баттақова қазақ халқының бірлігі мен сан алуандығын мақтанышпен айтты. Әрі қарай әр ұлттан келген қызметкерлер тамаша халық билері мен әндерін орындап, таңғажайып мәдениетті қойылым көрсетті.

Бұл күн Қазақстан халқы үшін ірі мейрамдардың  бірі, сол себептен бұл мейрам еліміздің барлық өңірлерінде аталып өтеді. Басты мақсат – ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.

«Қазақстан халқының бірлігі күні тек мереке ғана емес, сонымен қатар алуандығымыз біздің байлығымыз екенін еске салатын күн», – деді «Алатау» балалар клиникалық санаторийі директорының  м.а.  Жәмила Баттақова.